Жаңалықтар

21/05/2019

Алматыда Интернеттегі бостандық пен адам құқығы талқыланды

Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы Human Constanta беларус құқыққорғау ұйымымен серіктесе отырып, «DigitalRights@KZ: адам құқығы және цифрлы трансформация» конференциясын өткізді.  
20/05/2019

Анна Александрова атындағы байқау нәтижесі

Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында Сорос-Қазақстан қорының бұрынғы басқарма басшысы Анна Александрова атындағы грантқа байқау өткізген болатын. Анна Александрова (1976-2011) өз өмірін әлеуметтік әділдік және адам құқықтарын қорғау қағидаларын жылжытуға арнады.
20/05/2019

Қазақстандағы әлеуметтік қалалық жобалар байқауының аралық қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қызметі аясында Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктесте Қазақстандағы Алматыдан өзге қалаларда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған байқауды жариялаған болатын. Байқауға барлығы 100-ден астам сұраным келіп түсті. Байқаудың әділ қазылар алқасы келесі жартылай финалистерді анықтады. Олар:
19/05/2019

«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны – 2019» жобасы байқауының қорытындысы

«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2019 жылғы оқу жылы» стипендиалық жобасының үш іріктеу турының нәтижесінде байқау қатысушылары анқыталды. Олар:
02/05/2019

Urban Forum Qazaqsha: әлеуметтің әлеуеті қандай?

Аристотель адамзатқа «саясат жасаушы жануар» деген анықтама береді. Бұл тұста «саясат» сөзі бүгінгі билікке ұмтылу мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Мұндағы ұғымы «қоғам қалыптастырушы»  дегенге саяды. Осы әлеуметтің әлеуетін арттыруға түрткі болып отырған бұқаралық алаң, яғни  «қоғам қалыптастырушы» орта бүгінде қазақшалануда. Күні кеше SmartPoint алаңында өткен Urban Forum Qazaqsha жобасы осы тұжырымымызды тұздықтайды.