Пікір

02/05/2019

Urban Forum Qazaqsha: әлеуметтің әлеуеті қандай?

Аристотель адамзатқа «саясат жасаушы жануар» деген анықтама береді. Бұл тұста «саясат» сөзі бүгінгі билікке ұмтылу мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Мұндағы ұғымы «қоғам қалыптастырушы»  дегенге саяды. Осы әлеуметтің әлеуетін арттыруға түрткі болып отырған бұқаралық алаң, яғни  «қоғам қалыптастырушы» орта бүгінде қазақшалануда. Күні кеше SmartPoint алаңында өткен Urban Forum Qazaqsha жобасы осы тұжырымымызды тұздықтайды.
05/04/2019

«Денсаулығында менталды бұзылыстары бар балалар азаматтық сектордың дамуына айтарлықтай үлес қосуда»

Сорос–Қазақстан қорының iMedia Project жобасының түлектері, журналистер Ботагөз Сейдахметова мен Петр Троценко 2017 жылы оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін инклюзия жөніндегі «После нас» жобасын жүзеге асыру үшін  Қор грантын ұтып алды. Олар үлкен жұмыс атқарды, еліміздегі дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-аналары бетпе-бет келетін проблемаларды зерттеуге күш салды. Жоба авторлары өз мақалаларының кейіпкерлерімен бірге «егер ата-анасы болмай қалса (өмірден озып кетсе), ерекше туған баланың кейінгі жағдайы қалай болмақ?» дейтін сауалға жауап беруге тырысты, талпынды. Осы сұхбатымызда Ботагөз бен Петр жоба жайында кеңірек айтып берді.    
14/03/2019

Серік Ирсалиев: Мұғалім еңбегінің құны еліміздегі орта жалақы деңгейінен төмен болмауы тиіс

2018 жылғы тамызда Сорос-Қазақстан қоры «Жастар мұғалім мамандығын неге таңдайды және осы мамандықта қалуға оларды не ынталандырады?» деген зерттеуді жүргізуге қызығушылық білдірді. Зерттеу «Белес» Қоғамдық бірлестігінің жобалық тобымен жүзеге асты. Сорос-Қазақстан қорының қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сауле Аманжоловна Қалиқова жобалық топ басшысы, Астана халықаралық университетінің президенті Ирсалиев Серік Әзтайұлымен кездесіп, зерттеу туралы бірқатар сұрақтар қойды.
11/03/2019

«Қоғам – бәріміз үшін». Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мамандар бас қосты

2019 жылдың ақпан айы, Алматыда «Тәуелсіз тіршілік: Қазақстандағы және әлемдегі дамуында кемшілігі бар жандар» атты халықаралық конференция өтті. Аталмыш шараны Сорос Қазақстан қорының қолдауымен Әлеуметтік жұмысшылар, мүгедектер және еріктілер қауымдастығы ұйымдастырды.
15/02/2019

Қуаныш Оңалбаев, экономист: «Көпшілік ел бюджетінен хабарсыз»

Open Budget Fellowship бағдарламасы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен 2019 жылы үшінші рет өткізілгелі жатыр. Аталмыш жобаның алғашқы толқын түлегі әрі бүгінде осы бағдарламаның толыққанды тренері Қуаныш Оңалбаевпен оқу бағдарламасының құрылымы, жас зерттеушілердің бетпе-бет келетін кедергілері мен Қазақстандағы бюджеттің қаншалықты ашықтығы турасында тілдестік.