Пікір

31/01/2019

«Мүгедек сәбиден бас тартудың түп-тамыры тек әлеуметтік-экономикалық мәселеге кеп тірелмейді»

2018 жылдың қараша айында құқыққорғаушы Айгүл Шакибаева мен зерттеуші Серік Жақсылықов «Врачебная этика как фактор институционализации детей с особыми нуждами» атты зерттеуінің нәтижесін ұсынды. Аталмыш жұмыста дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-анасы мен дәрігердің арасындағы қарым-қатынастың әлеуметтік-құқықтық мәселелері қамтылған. Авторлардың айтуынша, ата-аналардың мүмкіндігі шектеулі баласынан бас тартып, оны мемлекеттік мекемелерге қалдырып кетуіне дәрігерлердің ықпалы жетерлік.
18/01/2019

Калум Воги, Project Syndicate: «Біз үшін оқырманға сапалы контент ұсынумен қатар, Орта Азияның ой-пікірін тарату да аса маңызды»

Project Syndicate үкіметтік емес ұйымы – саясаттан бастап медицинаға дейінгі сан түрлі саланың сарапшыларымен сапалы серіктестік орната білген әлем колумнистерінің ірі медиажелісі. Бұл медиаортадағы авторлардың арасынан Нобель сыйлығының лауреаттары мен беделді саясаткерлерді кездестіру қиын емес. Бүгінде аталмыш жоба өрісін кеңейтіп, алдағы уақытта Орта Азия елдерінің авторларын тартуды жоспарлауда. Біз жобаның Global Relations Manager Калум Вогимен кездесіп, келелі сұрақтарымызды қойдық.
10/12/2018

Наргиз Шукенова: “Мәдениеттің әр саласында біздің аймақты зерттеуге, зерделеуге сұраныс қалыптасқан сыңайлы”

Биыл Clique тұңғыш тәуелсіз авторлық кинофестиваль командасы Орта Азия деректі фильмдерінің конкурсын өткізуде. Бұл жоба тек деректі картиналарды көрсетуге негізделген Clique.Doc атты басты фестивальдің бағдарламасы ретінде бастау алды. Осы екі жобаның продюсері Наргиз Шукенова деректі туындылардың жанрын түлетуді көздеген шығармашыл жандардың наразына неліктен Орта Азия іліккені жайында баяндап берді.
25/09/2018

Алматылықтардың бастамалары қаланы қалай өзгертуде?

2016-2017 жылдары Сорос-Қазақстан қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қолдауымен жергілікті зерттеушілер, шығармашыл адамдар мен кәсіби мамандар жүзеге асырып жатқан 14 жобаға қолдау көрсетіп келді. Мұндай жобалардың діттеген мақсаты – қалада бірлігі жарасқан орта құру. Алматының орталығынан шалғайда жатқан аймақтарға аялдама орнату, я болмаса, «Тастақ» ықшамауданында театр алаңын жасақтау сынды істі қолға алғанда ауызбіршіліктің болғаны абзал.
19/09/2018

Стив Райс, журналист: «Видео – журналистиканың ең қиын жанры»

Қазақстан баспасөз клубы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жыл сайын iMediaProject жобасын жүзеге асыруда. Тамыздың соңында мультимедиялық журналистика мектебінің биылғы маусымы басталған болатын. Алғашқы модульге арнайы шақырту алған Миссури университетіндегі журналистика мектебінің профессоры Стив Райспен тілдесудің сәті түскен еді. Ардагер журналист видеоның неліктен заманауи журналистиканың маңызды элементіне айналғаны хақында жақсы дүниелер айтты.